Музей

Түркі халықтары тарихындағы алуан түрлі ғажап мәдени ескерткіштер Түркі тарихы музейінің экспозициясында тұр. Оларды сирек кездесетін археология (бзд. IV-III мыңжылдықтар) және этнография (XIX – XX ғ. бас кезі) ескерткіштері деп бөлуге болады. Коллекцияда зергерлік өнер, музыкалық аспап, ұлттық киім үлгілері және түркі халықтарының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі мен діни жоралғыларын сипаттайтын басқа да артефактілер бар.

Close