Түркі әлемінің киелі жерлері

Тамғалы

Тамғалы петроглифтері немесе Таңбалы — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген.

Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мәні төмендегідей болды, Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енді.

Close