Түркі әлемі

Түркі елдерінің басшылары Бакуде кездеседі

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің кезекті VIІ саммиті Баку қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев елорда өткен Түркі елдерінің Іскерлік кеңесінде айтты.

«Биыл қазан айында Бакуде өтетін жоғары деңгейлі кездесуге қызу дайындық жүргізудеміз. Жиынға Кеңеске мүше мемлекеттердің басшылары қатысады. Бұл кездесу мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығына арналады. Тағы бір маңызды жұмыс – Түркі инвестициялық қорының құрылуы болмақ. Бұл да бизнесіміз бен коорперациямызға көмектесудің маңызды құралы болады. Бакудегі кездесуден бұрын Түркі елдерінің дәстүрлі бизнес-форумы өтеді», – деді Бағдат Әміреев.

Айта кетейік, елордада өтіп жатқан Астана экономикалық форумы аясында Түркі елдері сауда-өнеркәсіп палатасын құру туралы құжат қабылданды.

Close