Жаңалықтар

Академия президенті Дархан Қыдырәлі Анкара саясат орталығының директоры Хасан Канболатпен кездесу өткізді

 

 

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркияның   Анкара саясат орталығының директоры Хасан Канболатпен кездесу барысында Академияның  атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтты.  Екі жақты пікір алмасу барысында сондай-ақ, ғылыми сараптама бағытындағы әріптестік, «Түрікбарометр» жобасы және әлеуметтік зерттеулер мәселелері талқыланды.

Close