Жаңалықтар

Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланды

 

2019 жылдың 9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының таратқан мәліметінде: «Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты жақтап 6539715 (алты миллион бес жүз отыз тоғыз мың жеті жүз он бес) дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,96 пайызы берілді. Сайлаушылардың келуі 77,5 %-ды құрады.

2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 11960364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9274110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқанын хабарлайды, олардан есептен шығару куәліктері бойынша 22502 және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 105682 сайлаушы дауыс берді» делінген.

Close