Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы жанындағы «Тіл және терминология» тұрақты комиссиясының отырысы өтті

 

2019 жылдың 25 маусым күні Халықаралық Түркі академиясы жанындағы «Тіл және терминология» тұрақты комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Түркі кеңесіне мүше Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерінің тіл саясатына жауапты өкілетті мекемелерінің басшылары мен жоғары білікті тіл мамандары Қазақстан астанасында бас қосты. 

Жиын барысында сарапшылар Халықаралық Түркі академиясы жанындағы «Тіл және терминология» тұрақты комиссиясының ережесін бекіту, түркі тілдеріне ортақ лексикография, терминология, ономастика, орфография, орфоэпия, транскрипция және тағы басқа басым бағыттар бойынша 2019-2020 жылдары іске асырылатын жобаларды анықтау, оларды жүзеге асыруда басшылыққа алынатын принциптер, жобаға тартылатын институттар мен мамандар, қаржыландыру, басып шығару, тарату сияқты  мәселелерді қарастырды.

 

Close