Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы жаңа кітаптардың тұсауын кесті

 

Халықаралық Түркі академиясы Биыл Алтын Орда, Моғолстан мемлекеті және тариxи Талас құрылтайының 750 жылдығына орай бірнеше кітапты жарыққа шығарды.

Тарихи датаға орай “Зафарнама”, “Моңғолдың құпия шежіресі”, “Ұлық Ұлыс (Алтын Орда), Шағатай, Моғолстан мемлекеті”, “Золотая Орда: история, государственность, культурное наследие” және “Чагатайский улус. Государсво Хайду. Моголистан” деген шығармалар жарық көрді.

 

“Зафарнама” атты әйгілі тарихи еңбекті Әмір Темірдің немересі Ибрахим Сұлтан 1420-1425 жылдары Шараф ад-дин Әли Йаздиге парсы тілінде жаздырған. “Зафарнама” кітабы Шыңғыс xан әулеті құрған мемлекеттер жөнінде Рашид ад-диннің Жамиғ ат-тауарихынан” кейінгі негізгі дерек көздің бірі саналады.

Ал атақты “Моңғолдың құпия шежіресін” белгілі ғалым, Академияның ғылыми қызметкері  Нәпіл Базылхан түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне аударды.

“Ұлық Ұлыс (Алтын Орда), Шағатай, Моғолстан мемлекеті” деп аталатын үшінші кітапта жоғарыда аталған мемлекеттерге қатысты тариxи құжаттар мен қолжазба мәтіндер, жарлықтар мен xаттар түпнұсқадан қазақшаға аударылып берілген.

“Золотая Орда: история, государственность, культурное наследие” деп аталатын жинаққа қазіргі заман зерттеушілерінің Алтын Орда мемлекеті жөніндегі тың деректері топтастырылған. Мақалалар жинақ үшін арнайы жазылғандықтан, алғаш рет жарық көріп отыр.

Бесінші кітап белгілі қырғыз тариxшысы Омуркул Караевтың “Чагатайский улус. Государсво Хайду. Моголистан” деп аталатын еңбегі.

 

Close