Жаңалықтар

Әзербайжанда тұңғыш рет көшпенді мәдениет фестивалі өтті

Фестиваль үшін арнайы этноауыл тұрғызылып, онда ипподром, қолөнер шеберлерінің бұрышы, “Қорқыт ата” орталығы, палуандардың алаңы, кәдесый сататын орындар жұмыс істеді. Шараға 16 мемлекеттен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Фестиваль барысында ұлттық әндер орындалып, билер биленді. Сондай-ақ спектакльдер қойылып, ескі ұлттық ойындар ойналды. Ал аспаздар болса көшпенді халықтардың ұлттық тағамдарын жасап, қонақтарға таратты.

Фестивальді тамашалауға келген жұрт сонымен қатар бәйге, жорға жарыс, садақ ату мен күрестен өткен жарыстарды да көріп қайтты. Бұл жөнінде www.azertag.az  сайты хабарлайды.

 

 

 

Close