Жаңалықтар

Түркі Академиясының Моңғолиядағы биылғы археологиялық экспедициясы да сәтті болды

Бұл жөнінде “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған арнайы мақаладан білуге болады.

Мақалада: “Жалпы, соңғы 5 жылда TWESCO түрлі елдердің ғылыми орталықтарымен ты­ғыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Ұйым әріптестік орнат­­қан құры­лым­дардың ара­сында Моң­ғо­лия­­ның ғы­лы­ми мекемелері де бар. «Номгон-2019» ғылыми экспедиция­сын Академия Моңғо­лия­ның Тарих, археология институтымен бірлесе ұйымдастырды. Сөйтіп, халықаралық экспедиция ғалымдары Моңғолияның Архангай аймағындағы «Ном­гон» деп аталатын жазық дала­­да археологиялық зерттеу жұмыс­та­рын бастады. Бұл алқап­та көне түркі дәуірінің онда­ған ғұрыптық кешендері бар. Олар Білге қаған мен Күлтегінге арналған әйгілі кешендерден 80 шақырым ғана жерде орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, түркі халықтары тарихында айрықша орны бар өңірде жатыр.

Жақында бірлескен экспедиция барысында «Номгон-2» кеше­нінен қос абда­нын еркелетіп тұрған арыстанның тас мүсіні, ұңғылы текше тас, барық (үй) құры­­лысының керамикалық әшекей­лері табылды. Сонымен қа­­тар кешендегі балбал тас­тар­­­дан қаған әулетіне тиесі­лі «Ашина» таңбалары мен өзге де арте­фак­тілер шыққан” – делінген. Мақаланы толықтай мына сілтеме арқылы оқуға болады:

https://egemen.kz/article/206586-otukende-qaghangha-arnalghan-keshen-tabyldy

 

Close