Жаңалықтар

Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі “Нұр Отан” партиясы Саяси кеңесінің Бюросына мүше болып сайланды

 

«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгеріс енгізу қажет екенін айтып, Бюро құрамынан шығып қалған мүшелердің орнына Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні енгізуді ұсынды. Елбасы өз сөзінде Дархан Қыдырәлінің кандидатурасына тоқтала келе: «Ол көпке белгілі. Біздің интеллигенциямен байланысы мықты” – деп атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ұсынысын партияластары бір ауыздан қолдап, дауыс берді.

Бюроның  құрамында қазір 11 мүше бар.

 

Close