Жаңалықтар

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Құтты Білік халықаралық құрылтайына қатысты

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Анкараға сапары барысында Түрік тілі қоғамының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Жүсіп Баласағұнның 950 жылдығына арналған Құтты Білік халықаралық құрылтайына қатысып, ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде академия басшысы Жүсіп Баласағұн еңбегінің маңыздылығына тоқталып, аталған мерейтой аясында Түркі академиясы өткізіп жатқан шараларды атап өтті.

Айта кету керек, 87-ші рет аталып өтіп жатқан Түрік тілі мерекесі аясында  Анкара қаласында Құтты Білік халықаралық құрылтайы өтуде.

Алқалы жиынға Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы, Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және  тарих жоғарғы қоғамының басшысы міндетін атқарушы Мұхаммед Хекимоғлу, Түрік тілі қоғамының басшысы Гурер Гүлсевин, атақты түрколог, профессор, доктор Зейнеп Көркмаз, Түрік тарихы қоғамы басшысының орынбасары Гүрай Кырпык, Ататүрік атындағы мәдениет орталығының басшысы міндетін атқарушы Зеки Ераслан, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы президентінің орынбасары Иса Габиббейли, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы және өзге де танымал ғалымдар мен  зиялы қауым өкілдері қатысып, өзара пікір алысады.

Close