Жаңалықтар

Академия басшысы “Вильгельм Томсен” медалімен марпаттады

Бүгін танымал ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбеков пен Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, профессор Әділ Ахметов Халықаралық Түркі академиясының “Вильгельм Томсен” медалімен марапатталды.

Награданы Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Түркі ынтымақтастығы күні аясында Нахчыван келісімінің 10 жылдығына орай өткен жиын барысында табыс етті.

“Мырзатай аға өзі де Томсонның жолын жалғастырып, Күлтегінді, Білге Қағанды, Тоныкөкті «сөйлеткен», біздің түркологияның басында тұрған үлкен тұлға. Сонымен қатар, осындай марапатқа Түркі әлемінің кеңістігін Алтайдан асырып, Америкадағы үндістерге жалғаған, қазір Скандинавияда викингтердің ізіне түсіп, әрі қарай Шотландиямен, саксондармен байланысын лингвистикалық тұрғыда зерттеп жүрген ғалым, түрколог Әділ Ахметов те лайық деп білеміз” – деді Дархан Қуандықұлы марапаттау рәсімінде.

Айта кету керек, “Вильгельм Томсен” медалі түркология саласына айрықша үлес қосқан танымал тұлғаларға беріледі.

Close