Жаңалықтар

Түркі академиясының делегациясы саммитке дайындық жасау үшін Бакуге келді

Халықаралық Түркі академиясының қызметкерлері алда өтетін Түркі кеңесінің VII саммитіне дайындық жұмыстарын жасау үшін Бакуге келді.

Айта кету керек, 15 қазан күні Баку қаласында Түркі кеңесі елдері мемлекет басшыларының қатысуымен кезекті VII саммит өтеді. Биылғы саммит түркі ынтымақтастығында тарихи бетбұрысты шешім болған Нахчыван келісімінің 10 жылдығына орайлас келіп отыр. Сонымен қатар, алқалы жиын Түркі әлемінің лидері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы қатысуымен де маңызды болмақ.

Close