Жаңалықтар

Академия басшысы Қырғызстанға сапары аясында министрлермен кездесті

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қырғыз Республикасына сапары аясында осы елдің Білім және ғылым министрі Каныбек Исаковпен және Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманкуловпен кездесті.

Академия басшысы екіжақты кездесу барысында білім және ғылым министрі болып жақында тағайындалған Каныбек Исаковты жаңа қызметімен құттықтап, табыс тіледі. Сонымен қатар, тараптар Академия атқарып жатқан іргелі жобаларды талқылап, алдағы жоспарланған істерге әзірлік жайында пікір алысты.

Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманкуловпен кездесуде барысында Академия президенті Талас құрылтайының 750 жылдығы, Моғолстан және Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” кітабының 950 жылдығы бойынша бірлескен шаралар өткізуге уағадаласты.

Close