Жаңалықтар

Академия басшысы Бакуде Әзербайжанның сыртқы істер министрімен кездесті

Түркі кеңесі Мемлекет басшыларының VII Саммитіне қатысуға Бакуге келген Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Элмар Мамадяровпен кездесті.

Кездесу барысында Д.Қыдырәлі министрге Академияның құжаттарын алғаш болып ратификациялағанына және қонақжай қабылдауы үшін раизашылығын білдіріп, мерейтойлық Саммиттің жоғары деңгейде сәтті өтуіне тілектес екенін жеткізді.

Өз кезегінде Әзербайжан Сыртқы істер министрі Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстарды жоғары бағалайтынын айтты.

Сонымен қатар, тараптар алдағы жұмыс жоспарын талқылап, әріптестік байланыстарды нығайта түсуге уағдаласты.

Close