Жаңалықтар

Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің 7-ші отырысы өтуде

Бакуде Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің 7-ші отырысы өтуде.

Басқосуға Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Элмар Мамадяров, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чауышоғлу, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Мажарстанның сыртқы істер министрі Петер Сийярто, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Мажарстанның Қазақстандағы экс-елшісі Андраш Барани, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гюнай Эфендиева қытысуда.

Отырыста баяндама жасаған Академия басшысы Д.Қыдырәлі атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында кең ақпарат берді.

Қатысушылар алқалы жиын барысында түркі интеграциясын тереңдете түсуге қатысты бірқатар маңызды құжаттар бойынша пікір алысады. Сонымен қатар, Түркі академиясының жұмысын реттейтін бірқатар негізгі құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

 

Close