Жаңалықтар

Академия басшысы “Түркі мәдениеті және мирасы” қорына барды

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің Түркі кеңесінің  VII Саммиті қарсаңындағы Бакуге сапары “Түркі мәдениеті және мирасы” қорында жалғасты.

Академия басшысын қарсы алған аталған ұйымның президенті Гюнай Эфендиева қордың жаңа ашылған әкімшілік ғимаратын көрсетіп, түркі халықтарының тарихы, мәдениеті және салт-дәстүріне арналған көрмені таныстырды.

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі қанаттас ұйымның мерейтойлық Саммит қарсаңында жаңа ғимаратта жұмыс істей бастауы маңызды жаңалық екенін атап өтті.

Осыдан кейін екіжақты кездесу өткізген тараптар әріптестік байланыстарды тереңдете түсу мәселелері және алдағы ортақ жоспарлар бойынша пікір алмасты.

Close