Жаңалықтар

Академия басшысы Баку мемлекеттік университетінің ұжымымен және студенттермен кездесті

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі бір ғасырлық тарихы бар Баку мемлекеттік университетінің ұжымымен және студенттерімен кездесті.

Университет ректоры, профессор Елчин Бабаев биыл жүз жылдық мерейтойын атап өткелі отырған білім ордасы туралы қысқаша баяндап берді.

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, халықаралық конференциялардың және археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, түркі әлемінің ортақ құндылықтары туралы ойларын ортаға салды.

Университет басшылығымен кездесу нәтижесінде тараптар Абайдың 175 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Тоныкөк жазбасының 1300 жылдығы аясында бірлескен іс-шаралар өткізуге уағдаласты.

Close