Жаңалықтар

Академик Иса Хабиббейлиді қос қуанышымен құттықтады

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі танымал ғалым, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті – Низами атындағы Әдебиет институтының директоры, Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің депутаты, академик Иса Хабиббейлиді жетпіс жасқа толған мерейлі күнімен құттықтады.

Баку қаласында іссапарда жүрген Академия басшысы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясына арнайы барып, мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, шапан жапты.

Айта кету керек, мерейлі жасы қарсаңында академик Иса Хабиббейли Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтің Жарлығымен І дәрежелі “Отан алдындағы еңбегі үшін” медалімен марапатталған болатын.

Академикті қос қуанышымен құттықтап, жылы ілебізін білдірген Д.Қыдырәліге Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының президенті, академик Акиф Ализаде мен Әзербайжаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамедов қосылды. Олар да мерейтой иесіне ізгі тілектерін арнады.

Close