Жаңалықтар

Саха тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі жарыққа шықты

Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің ғалымдары түркі халықтарының бай мұралары сақталған тілдерінің біріне жататын Саха тілінің үлкен түсіндірме сөздігін жасау бойынша 1972 жылы басталған фундаменталды еңбекті аяқтап, 15 томдық кітап ретінде толық жарыққа шығарды.

Жобаның жетекшісі, аталған еңбек авторларының бірі Владимир Монастырёвтің айтуынша, бұл бірегей басылым түркі тілдеріндегі түсіндірме сөздіктердің жаңаша әдістемелерді қолданыла отырып жасалған түрі болып саналады. “Біздің ғылыми ұжым соңғы 15 жыл бойы жыл сайын бір томнан мәресіне жеткізіп, тоқтаусыз жұмыс істеді. Барлығын жоспар бойынша аяқтадық. Біз бұл еңбектің түркі-моңғол тілдерін зерттеушілер үшін маңызды, келешегі зор басылым болатынына сенімдіміз”, – дейді Владимир Монастырёв.

Айта кету керек, БҰҰ биылғы жылды жергілікті халықтардың тілін сақтау мәселелеріне арнаған болатын. Осы орайда Ресейдің ұлтар ісі жөніндегі федальдық агенттігі тілтану саласына байланысты арнайы байқау жариялап, нәтижесінде осы 15 томнан тұратын “Саха тілінің үлкен түсіндірме сөздігі” “Жылдың ең үздік ғылыми жобасы” номинациясын иеленді.

Жалпы көлемі 10 мыңға жуық беттен тұратын түсіндірме сөздік саха тілінің 80 мың шамасындағы сөзі мен фразеологизмдерін қамтыған. Сөздер мен фразеологизмдердің түсіндірмелері саха және орыс тілдерінде берілген.

Close