Жаңалықтар

Академия басшысы Д.Қыдырәлі көрнекті ғалым Рабиға Сыздықтың 95 жылдық мерейтойына арналған жиынға қатысты

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Алматы қаласында көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің абыз анасы, академик Рәбиға Сыздықтың 95 жылдық мерейтойына арналған алқалы жиынға қатысты.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген Академия басшысы мерейтой иесіне арнайы құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар, түркология саласының да төрінде тұрған Рабиға Сыздықты Академияның арнайы наградасы “Вильгельм Томсен” медалімен марапаттады.

Айта кету керек, бұдан бұрын Рәбиға Сәтіғалиқызына Халықаралық Түркі академиясының жоғары наградасы “Алтын медалі” табыс етілген болатын. Сондай-ақ, көрнекті ғалымның ғылымға арнаған саналы ғұмырында қолданған, қолтаңбасы қалған барлық кітабы Түркі академиясы кітапханасының қорында тұр. Бұған қоса, академик өзі тұтынған бірқатар жеке заттарын да Түркі академиясының музейіне табыс еткен еді.

Түркі академиясы қайраткер ғалымның еңбектерін басып шығарғанын да атап өткен жөн.

Close