ЖаңалықтарКітаптарТүркі әлемі

Әзірбайжанда Алаш ардақтыларына арналған еңбек жарық көрді.

Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясының хатшысы Шукуров Агагусейн Маммедгусейн оглының Бакуде өткен Тұңғыш Бүкілодақтық Түркология Съезінің 90 жылдығына арналған «Тұңғыш Түркологиялық Съезге қатысқан Қазақстан өкілдері» атты кітабы басылып шықты.

Тарихи датаға арналған кітап әзірбайжан және орыс тілінде жазылған.

Тұңғыш Түркологиялық съезд түркі халықтарының мәдени интеграциясының жаңа кезеңінің негізін қалаған айтулы оқиғалардың бірі болды. Съезде жан-жақты талқыланатын мәселелер бойынша аса маңызды шешімдер қабылданып, латын графикасына негізделген жаңа алфавитке көшудің ғылыми-әдістемелік қағидалары жасалды. Әзірбайжан ТМД-дағы түркітілдес елдер арасында алғашқылардың бірі болып осы әліпбиді жаппай қолдануды бастады. Бұл XIX ғасырдан бері зиялы қауым жүргізіп келе жатқан әліпбиді реформалау бойынша белсенді күрестің нәтижесі болды.

Тұңғыш Түркологиялық съезге 131 делегат қатысқаны белгілі. Тоғыз күндік тарихи жиында 17 кездесу өткізіліп, түркі әлемінің тілі, тарихы, әдебиеті мен мәдениетіне 29 баяндама жасалды. Репрессия жылдары Съезге қатысқан 120-ға жуық ғалымдар мен ойшылдар тұтқындалып, саяси нәубат құрбаны болды.

Тұңғыш Түркологиялық Съезге Қазақстаннан төрт өкіл қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға Мәскеуден мемлекет қайраткері, дипломат Нәзір Төреқұлов шақырылды. Съезге бес қазақ, атап айтқанда белгілі ағартушылар, лингвист ғалымдар, өз халқының көрнекті өкілдері Ахмет Байтұрсынов (1872-1937), Біләл Сүлеев (1893-1937), Елдес Омаров (1892-1937), Әзіз Байсеидов (1893- 1955) және Нәзір Төреқұлов (1892-1937) қатысты.

1926 жылы Бакуде өткен Бірінші Түркологиялық Съезге келген қазақ ағартушыларының негізгі миссиясының бірі жаңа қазақ әліпбиі үшін күрес болды.

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің 2016 жылғы 18 ақпандағы Тұңғыш Түркологиялық съездің 90 жылдық мерейтойы туралы Жарлығы, осы съездің түркі халықтарының өміріндегі тарихи маңызын айқындай түсті. Жарлықта айтылғандай: «Съезден кейінгі кезең түркология саласындағы жаңа тұжырымдамалардың қалыптастырумен, Әзірбайжанды түркологиялық зерттеулердің ықпалды орталықтарының бірі ретінде танумен және түркі халықтарының мәдени және рухани бірлігі үшін ғылыми-теориялық негіз құрумен ерекшеленді».

2016 жылы Түркі тілдес елдерде Тұңғыш Түркология Съезіне қатысты ауқымды іс-шаралардың басталуының өзі бекер емес. Атап, айтқанда, ішінде 2016 жылдың 23-25 ​​мамыр аралығында Қазақстанның бас қаласы Астана қаласында (Нұр-Сұлтан) Халықаралық Түркі академиясының мұрынық болуымен ұйымдастырылған «Ұлы дала» Бірінші Халықаралық гуманитарлық форумында Баку Түркология Съезіне секция арналды.

Бакуде өткен Тұңғыш Түркологиялық Съездің 90 жылдығына арналған «Түркітану жаңа кезеңдегі: әдіснамалық тәсілдер, заманауи технологиялар және пәнаралық аспектілер» тақырыбындағы жиынды Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик Иса Габиббейли басқарды. Ол «Түркі әлеміндегі интеграциялық процестер: мәдени-тарихи дәстүрлер және қазіргі кезең» баяндамасы арқылы Тұңғыш Түркологиялық Съезіне қатысқан 131 делегаттың тағдыры туралы дәйекті баяндама жасап, түркітанушы ғалымдарды еске алды.

Айта кетейік, тарихи мерейтойға арналған іс-шаралар Түркі әлемінің ғылыми орталықтарында 2016 жылдан бері жиі өткізіліп келеді.

Close