ЖаңалықтарТүркі әлемі

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясында жартастағы көне бейнелерге қатысты семинар өтті

8-11 қараша күндері аралығында Әзербайжан Республикасы Баку қаласында «Жартастағы мәдениет: миф, өнер және әлем» атты Халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды.

Жиынның шымылдығын Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Рамиз Мехтиев ашып, жартастағы мәдениеттен қазіргі заман мәдениетіне дейінгі аралықты қамтитын арнайы баяндама жасады.

Ғылыми семинарға Қазақстан тарапынан барған филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Түркі Академияның аға сарапшысы Напил Базылхан Академия Президенті Дархан Қыдырәлі жолдаған құттықтау хатын жеткізді.

Аталмыш шараға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Беларусь,Тәжікстан сияқты 10-нан астам елдің белгілі археолог, тарихшы, әдебиетші ғалымдары, суретшілері қатысып, 50-ден астам қызықты ғылыми баяндама жасалды.

Белгілі ғалымдардың басын қосқан жиында Түркі Академиясының ғылыми қызметкерлері Физули Маджидли «Ежелгі түркі жазу ескерткіштеріндегі дипломатиялық стиль мен терминдер» және Напил Базылхан «Ескі түрік кезеңіндегі жартас суреттеріне қатысты кейбір этноархеологиялық зерттеулер» атты баяндамаларын жасады.

Шараның аяғы әлемге әйгілі Гобустан мемлекеттік тарихи-сурет өнері қорығында өткізілген далалық семинарға ұласты.

Close