Жаңалықтар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады.

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні  қабылдады.
Кездесу барысында Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жоспарлары жөнінде сөз болды. Атап айтқанда Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша дайындалған “Домбыра” пәнінің оқулық жобасы және Ұлық ұлыс – Алтын Орда туралы кітаптар таныстырылды.     
Президент мырза Академияның атқарған істеріне жоғары баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Close