Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды

Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы барша қазақстандықтарды 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтайды!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаттық аңсаған бабалар арманын жүзеге асырып, мыңжылдықтар тоғысында қуатты мемлекет құрған тегеурінді тұлға.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы түбі бір түркі елдері ынтымақтастығының да көшбасында тұр. Ол бүгінде түркі бірлігі үшін табысты жұмыс істеп тұған бірқатар институционалдық құрылымдардың ірге көтеруіне тікелей бастамашы болды. Сондықтан оны түркі интеграциясының архитекторы деп атайды.

Атап айтқанда, 2009 жылдың 3 қазанында Әзербайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі дүниесін зерттейтін халықаралық ғылыми орталық құру туралы ұсыныс жасады.

2010 жылдың 25 мамыр күні Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында Түркі академиясы ашылды.

Биыл Бакуде өткен Түркі кеңесінің мерейтойлық VII саммитінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталып, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы мәртебесіне лайық деп танылды.

Айта кету керек, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының тәуелсіз Қазақстанды құрудағы зор еңбегі үшін 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу туралы Заң қабылданып, дәстүрлі түрде мерекелеп келеді.

Close