Жаңалықтар

Академия президенті Әзербайжан Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімі басшысымен кездесті

Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Бакуге жұмыс сапары аясында Әзербайжан Республикасы Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Хажиев мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылап, алдағы жоспарлар жайында пікірлесті.

Дархан Қыдырәлі академияның тиісті құжаттарын толық қолдап, алғашқы болып ратификациялаған Әзербайжан тарапына ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Хикмет Хажиев академия атқарып отырған істерді жоғары бағалайтынын білдіріп, Халықаралық Түркі академиясының Әзербайжан тарихын бірге зерттеу туралы ұсынысын қуана қуаттайтынын жеткізді.

Close