Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтады

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туыс-туғандары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Сонымен қатар ол апаттан зардап шеккен жолушылардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
“Ұшақ апатында қаза болғандардың жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін! Ауыр қаза, имандары жолдас болсын!” – деп жазды Академия басшысы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Халықаралық Түркі академиясының ұжымы да ұшақ апатынан көз жұмған марқұмдардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл білдіреді.
Айта кетейік, бүгін Алматы қаласы маңында Bek Air әуе компаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағытына қатынайтын жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақта 95 адам болған. Қазіргі кезде оқиға орнында құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеуде. Апаттан аман қалған жолаушыларға медициналық көмек көрсетіліп, жергілікті ауруханаға орналастырылып жатыр.

Close