ЖаңалықтарМақалалар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай туралы мақаласы жарияланды

Қазақстан Республикасының бас басылымы саналатын “Егемен Қазақстан” газетіннің бүгінгі санында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан” атты мақаласы жарық көрді.
Мемлекет басшысы ақынның мерейтойы жылына байланысты жарияланған аталған мақаласында Абай мұрасын терең зерделеп, тағылым алуға шақырады.

Айта кету керек, ел президентінің тапсырмасымен биыл ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы және ғұлама ғалым Әл-Фарабидың 1150 жылдығы кең көлемде аталып өтіледі. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясы биылғы жылды “Абай жылы” деп жариялап, оның шығармаларын бірнеше түркі тілдеріне аударып басуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бірқатар бауырлас елдерде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан” мақаласының толық нұсқасымен осы жерден танысуға болады (PDF нұсқасын жүктеу үшін).

Close