Жаңалықтар

Түркі академиясы Мұхтар Әуезов шығармашылығына арналған алғашқы әзербайжан тіліндегі ғылыми еңбекті таныстырды

Халықаралық Түркі академиясы Баку қаласында өткен Абай жылының ашылу салтанаты аясында «Мұхтар Әуезовтың «Абай» романынындағы көркемдік мәселелер» (Muxtar Auezovun «Abay» romanında sənətkarlıq məsələləri) атты жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін жасады.

Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы Низами атындағы әдебиет институтының ғылыми қызметкері Туран Теймурдың бұл монографиясы Мұхтар Әуезов шығармашылығына қатысты әзербайжан тіліндегі алғашқы ғылыми еңбек болуымен маңызды.

Сонымен қатар, Түркі академиясы шығарған Абай мерейтойына қатысты тағы бірнеше басылым көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтқанда, көрнекті абайтанушы Мекемтас Мырзахметовтың «Абайды оқы, таңырқа…», «Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғұлама» және «Хакім Абай мұрасын танып білудің 125 (1889-2014) жылдық тарихынан» деп аталатын бағалы еңбектері әзербайжандық оқырмандарға таныстырылды.

Аталған кітаптардың барлығы да Академия жарыққа шығарған өзге де 50-ден астам басылыммен бірге «Абай» орталығына тарту етілді.

Close