Жаңалықтар

Академия басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Академия басшысы 2019 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде мәлімет беріп, биылғы жылдың жұмыс жоспарын талқылады және 2020 жылдың  30 қаңтарында Баку қаласында өткен Түркі академиясының Ғылыми кеңесінің кезекті III отырысының қорытындысын таныстырып, Түркі әлемінің мерейлі даталар тізімі, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық, ғылыми-зерттеу жобалары бағыттары бойынша қабылданған нақты шешімдер туралы пікір алмасты.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрі Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстарды жоғары бағалайтынын айтты.

Академия басшысы министр М. Тілеуберді мырзаға жан-жақты қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Close