Жаңалықтар

Академия басшысы «Құнанбай» атты жаңа еңбектің тұсаукесеріне қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында Абай жылы аясында  Ұлттық академиялық кітапханада ҰҒА академигі, Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» атты зерттеу еңбегінің тұсауы кесілді.

Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Халықаралық Түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі, Сенат депутаты, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп, Парламент Мәжілісінің депутаты, профессор Сауытбек Абдрахманов, танымал ғалымдар – Намазалы Омашев, Бауыржан Омаров, Тұрсын Жұртбай, Өмірзақ Озғанбай, белгілі қаламгер Роза Мұқанова және зиялы қауым өкілдер қатысты.

Жаңа еңбек бұрын айтылмаған тың деректерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, Құнанбай тұлғасын жаңа заман биігінде танып, бедерлеуге бағытталған.

Айта кету керек, биыл Түркі академиясы да Абай жылын жариялап, атаулы дата аясында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия Республикаларында және ЮНЕСКО шеңберінде көптеген халықаралық іс-шаралар өткізіп, ұлы ақын туындылары мен М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын туыс түркі тілдеріне аударып шығаруды жоспарлап отыр.

Close