ЖаңалықтарМақалалар

Түркі Академиясының президенті Д.Қыдырәлінің «Қанағат, рахым ойлап қой…» атты мақаласы жарық көрді

Бүгін республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің «Қанағат, рахым ойлап қой…» атты мақаласы жарық көрді.

Академия басшысы ақынның мерейтойы жылына байланысты жарияланған ой-толғамында Абай мұрасын терең зерделеп, тағылым алуға шақырады.

Мақалада автор Абай шығармаларындағы ой-толғауларын түркі әлемінің ғұламасы Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігі» мен  шығыс ойшылы Ибн Халдунның «Мұқаддима» атты еңбегінде жазылған философиялық  ойларымен салыстыра келе, Абай өнегесі жөніндегі пайымды пікірімен бөліседі.

Айта кету керек, ел президентінің тапсырмасымен биыл ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Осыған орай Халықаралық Түркі  академиясы биылғы жылды түркі әлемі үшін де «Абай жылы» деп жариялап, оның шығармаларын бірнеше туыс тілдерге аударып басуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бірқатар бауырлас елдерде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Мақаланың толық нұсқасымен осы жерден танысуға болады.

Close