Жаңалықтар

Академия басшысы Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарымен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевпен кездесті.

Кездесуде Академия басшысы биылғы жылдың бекітілген жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын таныстырып, алдағы уақытта атқарылатын шараларды талқылады.

Сонымен қатар, Баку қаласында өткен Халықаралық Түркі академиясына мүше елдер білім және ғылым министрлерінің кезекті III отырысында бекітілген Түркі әлемінің биылғы мерейлі даталар тізімі, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық, ғылыми-зерттеу жобалары бағыттары бойынша қолға алынған жұмыстар туралы  пікір алмасты.

Өз кезегінде Шахрат Шәкизатұлы Академия атқарып жатқан жұмыстарды жоғары бағалайтынын жеткізді.

Академия басшысы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш. Нұрышевқа жан-жақты қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Close