Жаңалықтар

«Ортақ түркі тарихы» оқулығы Әзірбайжан, Қазақстан және Түркия мектептерінде оқытыла бастады

Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмасымен Халықаралық Түркі академиясы әзірлеген «Ортақ түркі тарихы» оқулығы Әзербайжан, Қазақстан және Түркия мектептерінің бағдарламасына енгізіле бастады.

Биылғы жылы «Ортақ түркі тарихы» пәнін факультатив ретінде Түркияда 30 мың оқушы, Қазақстанда 15 мың оқушы, Әзірбайжанда 10 мың оқушы таңдады.

Оқулық ежелгі дәуірден бастап XV ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Оқу құралында түркі халықтары құрған мемлекеттердің тарихымен бірге олардың дәстүрлері, мәдениеті және ұлттық ойындардың пайда болу тарихы жан-жақты көрсетілген.

Close