Жаңалықтар

Академия басшысы Мажарстан жұртшылығын мемлекеттік мерекесімен құттықтады

Бүгін 15 наурыз күні Мажарстан 1848 жылғы революция күнін атап өтуде. Бұл атаулы дата мажарлықтар үшін мемлекеттік мереке саналады.

Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі өзінің жеке парақшасында арнайы құттықтады. «Батыстағы бауырларымыз – мадиярлардың мемлекеттік мерекесі құтты болсын! Мажарстан жасай берсін!», – деп жазды ол.

Айта кету керек, Мажарстан Республикасы 2018 жылдан бері Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мемлекет ретінде қабылданған.

Close