Жаңалықтар

«İLESAM» әдеби журналының Абайдың 175 жылдығына арналған саны жарық көрді

Түркияда жарық көретін «İLESAM» әдеби журналы кезекті санын ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арнап отыр.

Аталған арнайы шығарылымда танымал ғалымдар мен публицисттердің хакім Абайды жан-жақты зерделеген, шығармашылығы мен өмірін арқау еткен мақалалары топтастырылған.

Журналдың Абайға арналған арнайы санының беташары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан” атты көлемді мақаласымен басталады.

Сонымен қатар, журналда Халықаралық Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің “Ар ілімі һәм арылу” атты мақаласы да жарық көрді.

Close