Жаңалықтар

Өзбекстанда Шах Исмаил Хатаидың сирек кездесетін қолжазбасы табылды

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Мухаммед Физули атындағы қолжазбалар институтының қызметкері, доктор Каримулла Мамедзаде Әзербайжан тарихына қатысты көне қолжазбалар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Өзбекстандағы Гейдар Әлиев атындағы Әзербайжан мәдени орталығының жобасы аясында жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде Әзірбайжан тарихына тиесілі бірқатар бағалы қолжазбалар табылды. Алдағы уақытта олардың каталогтарын дайындау, сондай-ақ аталған қолжазбалардың көшірмелерін Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының М.Физули атындағы қолжазбалар институтымен алмастыру жоспарланып отыр.

Нақтырақ айтқанда, Өзбекстан Ғылым академиясына қарасты Абу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында жүзеге асырылған зерттеу жұмыстары барысында Низами Гянджеви, Имадеддин Насими, Мухаммед Физули және т.б. көптеген әзірбайжан классиктерінің шығармаларының қолжазбалары анықталып, жан-жақты зерттелді. Олардың арасында Шах Исмаил Хатайдың шығармалар жинағы қолжазбасының көшірмесін айрықша атап өтуге болады.

Бұл әзербайжандық ұлы мемлекет қайраткерінің «Диван» атты шығармасының түркі тіліндегі ерекше нұсқасы. Бұдан басқа, Хатаидың “Диван” нұсқаларының көшірмелері Британ мұражайында және Иран Ислам Республикасында сақталған.

Айта кету, Әзірбайжан мен Өзбекстанның Ұлттық ғылым академиялары арасындағы келісімге сәйкес тараптар екі ел үшін де маңызды болып табылатын қолжазбалардың көшірмелерін алмастыру жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, өткен жылы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Мұхаммед Физули атындағы қолжазбалар институты ұлы ақын Әлішер Науаи қолжазбасының өзбек тіліндегі бірегей көшірмесін Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетіне ұсынған болатын.

Close