Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің Наурыз мерекесімен құттықтауы

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын!

Биылғы күн мен түн теңеліп, табиғат қайта түлеген әз-Наурызды біз барша адамзат баласына түскен ауыр кезеңде қарсы алып отырмыз. Өткен жылы біраз қиындықтар болды, оның барлығы ескі жылдың еншісінде қалсын деп тілейміз!

Бақ қонып, қыдыр даритын осы ақжарылқап шақта тілегіміз қабыл болып, індеттің беті қайтуға жазсын!

Табылдырығымызды аттағалы отырған Тышқан жылынан үмітіміз зор. Тереңнен тамыр тартқан жыл қайыру бойынша мүшелдің басы болып саналатын Тышқан жылы бауырлас халықтарымыздың күнтізбесінде табысты, ырысты, несібелі жыл болып саналады.

Алдағы қуанышы мол шуақты күндерге деген үмітті ұштап, сенімді арттыратын Наурыз мейрамы тамыры бір елдеріміздің арасында еркін жүріп, бір-бірімізбен құшақ жая көрісетін күнге тезірек жеткізгей!

Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын! Тышқан жылы табысты болайық!

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Халықаралық Түркі академиясы президенті

Дархан Қыдырәлі

Close