ЖаңалықтарКітаптарТүркі әлемі

Татар халқы мәдениетінің зерттелуі туралы үш томдық монография таныстырылды

Татарстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мирас-Наследие. Татарстан-Крым. Город Болгар и изучение татарской культуры в Татарстане и Крыму в 1923-1929 гг.» (Мирас-Наследие. Татарстан-Қырым. Бұлғар қаласы және 1923-1929 жж. Татарстан мен Қырымда татар мәдениетінің зерттелуі) атты ғылыми монографияның тұсаукесері өтті.

Үш том болып жарық көрген еңбекті А.Х.Халиков атындағы Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Археология институты әзірлеген. Тұсаукесер рәсіміне мәдениет және білім саласындағы республикалық ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Айта кету керек, Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың қолдауымен жарық көрген монографияда татар халқының Еділ Бұлғариясы (X – XIII ғғ.), Алтын Орда (XIII – XVII ғғ.) және байырғы татар мемлекеттері (XVI – XVII ғғ.) кезеңдерін қамтитын мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған экспедиция материалдары алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.

Бірегей еңбекті Археология институтының басшысы, Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Айрат Ситдиков және аталған институттың ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Бочаров таныстырды.

Монографияның электрондық нұсқасымен Археология институтының ресми сайтынан танысуға болады:

http://archtat.ru/prezentatsiya-knigi-miras-nasledie-tatarstan-krym-gorod-bolgar-i-izuchenie-tatarskoj-kultury-v-tatarstane-i-krymu-v-1923-1929-gg/

Close