Жаңалықтар

Қытай мен Қазақстан Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалашық орнына бірлескен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде

Қытай және Қазақстан археологтарының бірлескен қазба жұмыстарының нәтижесінде Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі қалашық орнын зерттеуде елеулі табыстарға қол жеткізілді.

Атап айтқанда, Шэньси провинциясының (Солтүстік-Батыс Қытай) Археология институты Қазақстанның “Есік” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен жасалған ынтымақтастық аясында Рахат қалашығының орнына жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының үшінші кезеңі басталғанын хабарлады.

Трансшекаралық археологиялық бағдарламаға қатысқан аталған институттың ғылыми қызметкері Дин Янь өткен жылы 980 шаршы метр аумақта қазба жұмыстарын жүргізіп, көне қалашықтың 500 мың шаршы метр аумағын зерттеген.

Табылған тарихи артефактілер бұдан 2400-1400 жыл бұрынғы кезеңдерді қамтиды. Зерттеу нәтижелері Жібек жолының Тянь-Шань тауларынан өтетін бөлігінде гүлденген өркениет болғанын көрсетеді.

Close