ЖаңалықтарТүркі әлемі

Татарстанның халық ақыны Роберт Миннулин дүниеден өтті

Бүгін түнде 72 жасында Татарстан Республикасының халық ақыны, Ғ. Тоқай атындағы сыйлықтың лауреты Роберт Миннулин дүниеден өтті.

Орны толмас қазаға орай Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы Роберт Мугаллимовичтің туыстары мен жақындарына және татар халқына қайғырып көңіл айтады.

Айта кету керек, Башқұртстанда дүниеге келіп, кейін Татарстанға қоныс аударған Роберт Миннилун ұзақ жылдар бойы «Яс Ленинчи» (кейін «Сабантуй») газетін басқарды. 1988 жылдан 1994 жылға дейін Татарстан балалар қорының төрағасы қызметін атқарды. 1995–2014 жылдары Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің депутаты болды. Сонымен қатар, ол Татарстанның еңбек сіңірген әртісі, Башқұртстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атақтарының иегері.

Close