Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық артып келеді

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай қаласына жұмыс сапары барысында Қостанай автомобиль зауытында «Chevrolet» маркасының жаңа модельдерінің Қазақстан-Өзбекстан бірлескен автоқұрастыру желісінің ашылуына қатысты. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми веб-сайты хабарлады.

Жиын барысында бауырлас екі елдің үкімет басшылары телекөпір арқылы байланысқа шықты. Осылайша Қазақстан Премьер-Министрі А.Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС және «UzAuto Motors» АҚ бірлескен жобасын ресми түрде іске қосты. Жаңа өндірістік желіде осы жылдың соңына дейін 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Миромонович Мирзиеев екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығаруға негіз салды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Өзбекстанмен өзара тиімді серіктестікті нығайту мен дамытуға ерекше көңіл бөледі», — деді А.Мамин өз кезегінде.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі үшінші елдерден тауарлар мен қызметтердің импортына тәуелділікті төмендету мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның өндірістік процестерін интеграциялаудың өзектілігі артып келе жатқанын атап өтті.

Айта кету керек, өткен жылы Баку қаласында өткен Түркі Кеңесінің VII саммитінінде Өзбекстан аталған Кеңес құрамына толыққанды мүше болған еді. Бүгінгі таңда Өзбекстан Республикасы бауырлас елдерге ынтымақтастық пен интеграцияның жаңа үрдісін ұсынуда.

Close