Жаңалықтар

Бүгін Әзербайжанда геноцид құрбандарын еске алу күні

Бүгін 31 наурызда Әзербайжанда геноцид құрбандарын еске алу күні (Azərbaycan Soyqırımı Günü) аталып өтуде.

Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі бауырлас Әзербайжан жұртшылығына арнайы көңіл білдіріп, тілегін жолдады.

Бұл қаралы дата Әзербайжан Республикасының сол кездегі Президенті, жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтың Жарлығымен 1998 жылы белігленді.

Айта кету керек, 1918 жылғы наурызда Бакуде және Баку провинциясында қайғылы оқиға болып, көптеген бейбіт тұрғын құрбан болған. Осыған байланысты Әзербайжан халқы жыл сайын еске алу шарасын өткізеді.

Close