Жаңалықтар

Ташкенттің ежелгі жұртындағы ескерткіштерге консервация жұмыстары жүргізіледі

Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласынан оңтүстікке қарай Сіргелі ауданы аумағында жатқан Шаштепе ескерткішіне консервация жұмыстары жүргізілетін болды. Бұл қоныс археологтардың болжамы бойынша б.з.д. IV-III ғасырларға жататын Ташкент қаласының ескі жұрты болып табылады. Кейбір дереккөздерде бұл орын «Чачтепа» деп те аталған.

«Шығыс қақпасы» деп аталатын Ташкент қаласы Орталық Азиядағы және бүкіл әлемдегі ірі тарихи орталықтардың бірі болып саналады. Ұлы Жібек жолында – маңызды сауда жолдарының тоғысында орналасқан Ташкент қаласы бағзы замандардан ғылым, мәдениет және білімнің дамуында айрықша орын алады.

2019 жылы 4 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігіне Шаштепе археологиялық ескерткішінің бұзыла бастауы туралы хабарлама келіп түскен еді. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, өз кезегінде көптеген азаматтарды, археологтарды және өлкетанушыларды алаңдатты.

Осыған орай ақпан айында Ташкентте Шаштепе археологиялық ескерткішісін сақтау тұжырымдамасын әзірлеу және оны туристік бағытта тиімді пайдалану туралы дөңгелек үстел өтті.

Алқалы жиын барысында Мәдени мұра департаменті археологиялық нысандарды, атап айтқанда Шаштепены қорғау және оңтайлы пайдалану жөнінде тұжырымдама әзірлеуге шешім қабылдады. 2020 жылы археологиялық зерттеулер жүргізу, аталған ескерткішті толығымен зерттеу және консервациялау жоспарланған.

Close