Жаңалықтар

Түрікменстан тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеуге кәсіпкерлік құрылымдарды тартуда

Түрікменстан өз аумағындағы тарихи-сәулет ескерткіштері мен көрнекті орындарды зерттеу мен абаттандыруға кәсіпкерлерді тарту арқылы елдегі туризм индустриясының көкжиегін кеңейте түсуді қолға алып отыр.

Бұған ықпал ететін тиісті құқтық нормалар 2019 жылдың қазан айында қабылданған «Түркіменстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағы туралы» заңында және өзге де бірқатар құжаттарда қарастырылған.

Айта кету керек, Түркіменстанда туристерге ұсынатын ЮНЕСКО қорғауындағы дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген көптеген көне сәулет ескерткіштері, бірегей тарихи нысандар, ақ мәрмәр Ашхабадтың көрнекті орындары, сондай-ақ асыл тұқымды Ахалтеке жылқылары мен атақты түрікмен кілемдері бар. Сонымен қатар, Ежелгі Мерв, Ниса, Көне Үргеніш тарихи ескерткіштері және Қарақұм даласы мен Койтендаг табиғаты келушілердің зор  қызығушылығын туғызады.

Соңғы бірнеше жылда түрікмен халқының мәдени мұрасын зерттеу бағытындағы жұмыстар белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, Ахал мен Хорезм оазистерін жалғайтын ескі керуен жолында тұрған ең қызықты және аз зерттелген ескерткіштердің бірі – Шахрисламға жасалған археологиялық қазба жұмыстары осыған жарқын мысал бола алады.

Аталған ортағасырлық нысанды зерттеу Түрікменстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының бастамасымен және демеушілік қолдауымен қайта жанданған еді. Осы орайда Шахрисламдағы қазба жұмыстарын жалғастыру үшін түрікмен археологтарының жаңа экспедициясы ұйымдастырылды. Олардың олжалары жыл сайын Түрікменстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы көрмесінде көпшілік назарына ұсынылып отырады.

Close