Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясының президенті Анадолы ақпарат агенттігін 100 жылдығымен құттықтады

Түркі әлеміндегі тұғыры биік бұқаралық ақпарат құралдардың бірі — Анадолы агентігінің бір ғасырлық мерейлі межесі құтты болсын.

Қазіргі таңда әлемдік ақпарат айдынындағы беделді ұйымға айналған Анадолы агенттігі, тамырлас елдердегі жақсылықтың жаршысы болып, игі бастамаларды әлемге танытуда.

Ол өткен ғасыр басында Исмаил Гаспыралының «Тілде, пікірде, істе бірлік» ұранымен жарық көрген «Тәржіман» басылымының дәстүрін жалғап, күні бүгінге дейін түркі дүниесін ақпарат ағынымен қамтамасыз етіп келеді. Осылайша бауырластық байланыстарды нығайта түсуге ықпал етуде.

Осыдан 100 жыл бұрын Кемал Ататүріктің үкімімен құрылған Анадолы агенттігіне алдағы жұмыстары жемісті болып, келесі жүзжылдықтарға сәттімен жалғасуын тілеймін!

Осы орайда, ақпарат агенттігінің басшылығына және ұжымына Халықаралық Түркі академиясы жұмыстарына үнемі ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін!

Құрметпен,

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі

Close