Жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азия елдеріне гуманитарлық көмек көрсетуге әзір

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы мен өңірлерге азық-түлік жеткізетін көлік-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Twitter-аккаунтында хабарлады.

«Continental Logistics» көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда» – деп жазды Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Орталық Азия елдерімен өзара ынтымақтастық белгісі ретінде мұқтаж елдердің үкіметтері жәрдем сұраған жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін айтты.

 

Close