Жаңалықтар

Түркі халықтарының бірқатар мұраларын ЮНЕСКО мәдени мұралары тізіміне қосуға өтінім берілді

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия және Тәжікстан мемлекеттері бірлесіп ЮНЕСКО қорғауындағы мәдени мұралар тізіміне тамырлас елдердің ортақ қазынасы саналатын Қожанасыр туралы әңгімелерді қосуға өтінім берді.

Сонымен қатар, Түркия мен Әзербайжан Республикалары – мей/балабан музыкалық аспабы мен шай мәдениетін, ал Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі Құснихат – ислам каллиграфиялық жазу өнерін аталған тізімге қосуға ұсынып отыр. Бұл туралы Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі хабарлады.

 

Министрліктің мәлімдеуінше, ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұралар жөніндегі үкіметаралық комитетінің биылғы жылдың 30 қарашасына жоспарланған отырысында табыс етілген өтінімдер қарастырылып, нақты шешімдер қабылданатын болады.

   

Close