Тіл

«Һибат-ул хақайиқ» нұсқаларының (ХІІ ғ.) қолданбалы мәтіні. Ескерткіштің лингвотекстологиясы. 2 том

Сағындықұлы Берікбай «Һибат-ул хақайиқ» нұсқаларының (ХІІ ғ.) қолданбалы мәтіні. Ескерткіштің лингвотекстологиясы. 2 том. Ғылыми зерттеу.

Түркология тарихында көне түркі жазба ескерткіштерін лингво-текстологиялық тұрғыдан зерттеудің тәжірибесі жоқ. Мұндай зерттеу ХІІ ғасыр мұрасы – Ахмед Йүгінекидің «Һибат-ул хақайиқ» (Ақиқат сыйы) атты дастанының қолжазбаларына алғаш рет жүргізіліп отыр.

Жәдігерліктің үш нұсқасы қатар салыстырылып, ондағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік айырмашылықтар толық ашылды, көшірмешілер тарапынан жіберілген әр түрлі орфографиялық қателіктер, стильдік жаңсақтықтар, логикалық қисынсыздықтар түзетілді.

Ғылыми жолмен қалпына келтірілген авторлық вариант (сыни мәтін) пайда болды. Ғылым болашағы үшін мұндай мәтіндердің маңызы зор.

Еңбек түрколог ғалымдарға, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, магистранттары мен докторанттарына, тарихи жазба мұраларды зерттегісі келетін жас талапкерлерге арналған.

Close