ЖаңалықтарМақалалар

Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің Мұстафа Шоқай туралы мақаласы шықты

Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлінің “Мұстафа Шоқай және “Түркістан легионы” мәселесі” атты мақаласы жарық көрді. Қазақстан Республикасының бас басылымы саналатын “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған аталған мақаласында автор Түркістанның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында күресіп өткен Мұстафа Шоқай туралы және оған қатысты жалған айыптау деректері жайында пайымды пікірлерімен бөліседі. Атап айтқанда, Алаш ардақтысының “фашистік билікпен байланысы болған” деген жаңсақ пікірлерге қарсы дәйекті деректер келтіреді.

Мақаланың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады

https://egemen.kz/article/232780-mustafa-shoqay-dgane-turkistan-legiony-maselesi

Close